Екібастұзда жылуға қосылмаған 4 үйдің иесін іздеп жатырмыз – әкім

487

Екібастұзда 4 жер үйден басқа нысандарға түгелдей жылу берілді.  

Екібастұзда жылуға қосылмаған 4 үйдің иесін іздеп жатырмыз – әкім Фото: khabar24.kz

Көпқабатты үйлер ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген. Әзірге мектептерде сабақ онлайн режимде өтіп жатыр. Себебі ғимараттардың ішкі температурасы қалыпты нормаға жете қойған жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz жедел штабқа сілтеме жасап.

Апат басталғаннан кейін Павлодар қаласына уақытша көшірілген мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларды келесі аптада Екібастұзға қайтару жоспарланып отыр.

"Ең бастысы қаланы жылумен қамтамасыз етуде ауытқушылықтар жоқ", - деді шаһар әкімі жедел штаб отырысында.

"Бүгінгі күні 4 үйдің иесін табу қиын болып отыр. Себебі телефондары өшірулі. Үйлерінен бір жаққа кетіп қалған болар. Сондықтан қазір мына біздің жергілікті полициямен іздестіру жұмыстарын жасап жатырмыз. Жұмыс күштері бар. Егер үйлерінде болса 1-2 күн ішінде қосып тастаймыз", - дейді қала әкімі Аян Бейсекин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу