Екібастұздағы "Julia food" асханасы айына алты мың пицца пісіреді

870

Екібастұздағы "Julia food" асханасы айына алты мың пицца пісіреді

Екібастұзда "Сity mall" сауда орталығында ашылған "Julia food" асханасында пиццаның 20-дай түрі пісіріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Асхана директоры Олег Субботин осыдан үш жыл бұрын өз қаражатына пицца пісіруді бастаған екен. Ол кезде дәмі тіл үйірер тағам түрін түскі ас уақытында әртүрлі мекемелерге жеткізумен ғана айналысыпты. Алайда, сұраныстың көптеп түсуінің арқасында кәсіпкер небары екі жылдың ішінде пицца пісіретін үш зал ашып үлгерген. Оның екеуі "Сity mall" сауда орталығында болса, біреуі - "Болашақ" сауда үйінде.

 Кәсіпкер пицца пісіруден басқа, қала тұрғындары үшін сұлулық салондарының қызметін ұсынатын мобильді қосымша іске қосуды да жоспарлап отыр. Яғни, жаңа мобильді қосымшаны интернет арқылы смартфон телефоныңызға жүктеп алатын болсаңыз, сұлулық салондарының орналасқан жері мен бағасы туралы мәліметтерді біліп отырасыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу