Екібастұздағы 100-ден астам тұрғын үй тағы жылусыз қалмақ

Себебі жеке сектор ауданындағы желілерде жөндеу жүргізіледі. 

Екібастұздағы 100-ден астам тұрғын үй тағы жылусыз қалмақ Фото: Валерий Бугаев

Бүгін Екібастұз қаласында жеке секторды жылытатын құбырлар жөнделеді. Сол себепті оларды орталық желіден ажыратуға тура келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ақпаратынша, 16 қаңтар күні сағат 9.00-22.00 аралығында Амангелді және Бұқар жырау көшелерінің аралығындағы ауданішілік желілер арқылы жылу беру тоқталып, тозған учаске жаңарады. Соның салдарынан 48 жеке тұрғын үй уақытша жылусыз қалмақ.

Сол сияқты 9.00-17.00 аралығында Дружба көшесінің бойындағы жерасты құбырлар ауыстырылады. Бұл уақытт 74 жеке тұрғын үй уақытша жылудан ажыратылады.

Сондай-ақ, Нұралин, Шәкәрім, Чехов, Амангелді көшелерінің бойында орналасқан 49 жеке баспанада жылу желілерінің жөнделуіне байланысты жылу болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін "Павлодарэнерго" компаниясының басшылығы Екібастұздағы жылу желілері біртіндеп коммуналдық меншікке берілетінін айтқан еді. Содан соң қайтадан сенімді басқаруға алмақ. Сол арқылы желілерді жөндеуге жұмсалуы тиіс қаражатты теңдей бөлу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу