Екібастұздағы ахуал: Жеке сектордағы 18 үйде жылу жоқ

419

Екібастұзда жер үйлерді жылуға қосу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жөндеу бригадаларына кедергі болып тұрғаны, кейбір тұрғындар үйлерін құлыптап, кетіп қалған.  

Екібастұздағы ахуал: Жеке сектордағы 18 үйде жылу жоқ Фото: pavlodarnews.kz

Қазір қалада техногендік төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Апат салдарын жоюға 200-дей адам жұмылдырылған. Әзірге оқушыларға сабақ қашықтан өткізіліп жатыр. Балабақшалар жабық. Себебі әбден салқындап кеткен ғимараттарда ішкі температураны көтеруге уақыт керек. Негізгі жұмыстар жеке секторлардың аумағында жүріп жатыр.

"Ендігі алдымызда тұрған мақсат - 18 үйді аяқтау. Ол жерде енді 18 үйдің бәрі шалғай жатқан үйлер. Оларға жеке жылу жүйелері кіші диаметрлі құбырмен жеткізілген. Сондықтан оның бәрін, мұздап қалған жылу желілерін қалпына келтіру уақыт алып отыр", - деп мәлімдеді қала әкімі Аян Бейсекин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу