Әкім өтемақы төлеу бойынша "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС үлескерлері және "Горэлектросеть" ЖШС иелерімен келісім жасасқанын айтты.
– Әуелі қаражат "Горэлектросеть" шотына аударылады. Кейін ол абоненттердің есепшоттарына жіберіледі. Осылайша, өтемақы төленеді. Кейбіреулер халық пунктерге барып, арыз жазуы тиіс деген фейк ақпарат таратты. Электр энергиясы төлемдерін өндіріп алу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ, – деп түсіндірді Аян Бейсекин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Бұған дейін қала әкімдігі 48 957 абонент өтемақы алатынын мәлімдеген болатын. Төтенше жағдай аймағында зардап шеккен азаматтардың залалын өтеу "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС есебінен жүргізілетіні мәлім болды.
Сонымен қатар апат салдарынан жылусыз қалған 70 үйдің тұрғындары екі айға ақша төлемейді. Ал қалған пәтер иелерінің төлемдері қайта қаралады.