Екібастұздағы екі бірдей электр станциясы апаттық жағдайда тоқтады

990

Қазіргі уақытта электр беру ісі қайта жанданды. 

Екібастұздағы екі бірдей электр станциясы апаттық жағдайда тоқтады

14 қазан күні Екібастұз қаласындағы №1, №2 МАЭС (ГРЭС) пен "ЕЭК" АҚ қарасты электростанцияларда апаттық жағдай орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Кеншілер қаласындағы №1 және 2 станцияларда қуаттылығы 500 МВт болатын ірі энергоблоктар тоқтап, "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" станциясындағы қазандық қысымы 150 МВт-қа дейін азайды. Үш электр станциясындағы генерацияның жалпы төмендеуі 1000 Мвт-тан асты. 

"KEGOC" компаниясы Ресеймен шекарадағы энергетикалық жүйе қуаттылығын азайтпс үшін әрі мемлекеттер арасындағы жүктеменің төмендетпеу мақсатында электр энерниясын жоспардан тыс пайдаланатын тұтынушыларға берілетін көлемді шектеуге мәжбүр болды. Ал бүгін бұл олқылықтардың орны толтырылып, электр қуатымен қамту көрсеткіші бұрынғы қалпына қайта оралды. 

"Екібастұз қаласындағы №1, №2 МАЭС апаттық тоқтаудан соң тәуліктік кестеге сәйкес электр энергиясын босата бастады. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталады", – деп хабарлады "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта №1 МАЭС-да жоспарлы 2 245 МВт-тың орнына қуаттылығы 2 440 МВт болатын бес энергоблок, ал №2 МАЭС-да 435 МВт жоспары асыра орындалып, №1 энергоблок 450 МВт қуатпен қамтамасыз етіп отыр. №1 станцияда екі, №2 станцияда бір блокты жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталмыш кәсіпорын басшылықтары блоктардың уақтылы іске қосылатынын алға тартып, жылу маусымы кезінде ыстық сумен, жылумен қамтуда қиындықтар болмайтынына сендіріп отыр. 

Ажар Дәулетова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу