Екібастұздағы кен орнында 24 жұмысшы мінген автобус аударылды

Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ. 

Екібастұздағы кен орнында 24 жұмысшы мінген автобус аударылды Фото: PIXABAY.COM

Бүгін таңертең елдегі ірі көмір өндіру орындарының бірі – "Богатырь Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оқыс оқиға орын алды. Жол апаты салдарынан кәсіпорынның бірнеше қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасына жүргізушінің техниканы басқара алмауы себеп болған. 

"12 тамыз күні таңертең Екібастұз қаласындағы кәсіпорындардың бірінің аумағында "ПАЗ" маркалы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, оқиға кезінде автобус ішінде кәсіпорынның 24 қызметкері болған. 

"Мердігерлік компанияның "ПАЗ" маркалы автобусы сағат 8.45 шамасында Ковыльная станциясы жағынан кенішке түсіп бара жатқан жолда сақтандыру дуалына соғылған", - деп толықтырды "Богатырь Көмір" ЖШС баспасөз қызметі 

Соның салдарынан кәсіпорын қызметкерлері түрлі дене жарақатын алды. Олар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу