Екібастұздағы кен орнында жұмысшы биіктіктен құлады

312

Ауыр жарақат алған жұмысшы ауруханаға жеткізілді.  

Екібастұздағы кен орнында жұмысшы биіктіктен құлады Фото: Валерий Бугаев

2 тамызда "Богатырь Көмір" ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ол ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады", – деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу