Екібастұздағы көпқабатты үйлерде жылу батареялары суып кетті

417

Жұртшылық жылу электр орталығының жағдайына алаңдаған.

Екібастұздағы көпқабатты үйлерде жылу батареялары суып кетті Фото: Pixabay

Екібастұздағы көпқабатты үйлердің біраз бөлігінде жылу деңгейі төмендеген. Оған жылу магиcтраліндегі жөндеу жұмыстары себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәтбаев, Әуезов, Шәкәрім, Шашкин, Дүйсембаев көшелері, қаланың оңтүстік бөлігіндегі көшелердің тұрғындары жылу батареялары таңертеңнен салқындап кеткеніне шағымданған. Кейбір көпқабатты үйлерде ыстық су жоқ.

"Екібастұз жылу-энерго" ЖШС өкілдерінің хабарлауынша, №5 жылу магистраліндегі бекіту арматурасын монтаждау үшін бүгін сағат 8.00 мен 12.00 аралығында кейбір аумақтарда параметрлер төмендеген. 

"Бұл Южный 14, Южный 15, Южный 11 көшелерінде орналасқан үйлердің жылу сапасын көтеру үшін жасалып жатқан іс-шара. Жұмыстар аяқталды, жақын уақытта үйлер жылуға толық қол жеткізеді. ЖЭО штаттық режімде жұмыс істеп тұр. 6 агрегат іс үстінде. Стансадан шығатын жылудың температурасы – 90 градус, айналып келетін ыстық судың қызуы 63 градус", деп хабарлады жылу орталығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу