"Төтенше жағдайға шұғыл шақырылған жұмысшылар қалай марапатталады? Оларға ақшалай сыйақы төлене ме? Кей жұмысшылар мақтау қағазымен шектелеміз бе? деп қорқады", - деп сұрақ қойды тілшілер Екібастұзда өткен баспасөз конференциясында.
"Шұғыл шақырылған қызметкерлерге келсек, бұл мәселе қазірдің өзінде қарастырылып жатыр. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін барлығы марапат, сыйақы алады. Жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. Жұмысшылар қиын жағдайларға қарамастан жанқиярлықпен жұмыс істеуде. Бұл еңбек лайықты бағаланады", - деді "Павлодарэнерго" АҚ бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.