Екібастұздық әскери инспектор парамен ұсталды

872

Басшысы қарамағындағы қызметкер ұсталған соң, өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берді.

Екібастұздық әскери инспектор парамен ұсталды

Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім инспекторы 800 мың теңгеге әскери билет сатты деген күдікке ілінді. Күдікті инспектор кінәсін мойнына алды.

"Павлодар облысында Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Айыпты кінәсін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау жүргізілген жоқ.

Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім басшысы Нұргелді Наурызбеков қарамағындағы қызметкері ұсталған соң өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берді.

Қорғаныс министрлігі жүйесінде 2018 жылы және 2019 жылдың 4 айы ішінде 49 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 17 қызметкер сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу