Екібастұздық екі балықшы мұз астына кетті

Құтқарушылар олардың денелерін алып шықты. 

Екібастұздық екі балықшы мұз астына кетті Фото: @oso_pvl

Өкінішке қарай, балық аулауға шыққан екі азаматтың өмірі суде үзілді. Қайғылы жағдай Қаныш Сәтбаев атындағы каналда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, 70 және 73 жасар тұрғындар №9 сорғы станциясының аумағынан балық аулауға барып, мұз астына кеткен. Бұл туралы хабар "112" қызметіне 12 сәуір күні сағат 17.15-те түсті. Оқиға орнына Екібастұздағы құтқару бөлімінің төрт сүңгуірі жіберілді. 

"Сағат 19.30-да жағалаудан 40 метрде болған бірінші балықшының денесі су астынан шығарылды. Сағат 19.52-де 70 метр қашықтықта екінші балықшының денесі табылды", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Суға батқан азаматтардың денелері полицияға тапсырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу