Екібастұздық ғалымдар жас отбасыларға арналған арзан үйдің жобасын ұсынды

1015

Екібастұздық ғалымдар жас отбасыларға арналған арзан үйдің жобасын ұсынды

Екібастұз өңірінің ғалымдары жас отбасыларға арнап төрт пәтерлі жеке меншік үйдің жобасын ұсынды. Мұндай үйлер нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасынан 2-2,5 есе арзан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы "Павлодар аймақтық ғылыми-технологиялық орталық" ЖШС-нің қызмет көрсету туралы есебі кезінде белгілі болды. Қаныш Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтының халықаралық байланыс пен ғылыми жұмыс проректоры Жарылқасын Қамбаровтың айтуынша, төрт пәтерлі үйлердің сапасы еуропалықтардың таун-хаустарынан кем болмайды.

"Әр пәтердің аумағы 82 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде үй автономды түрде қамтамасыз етіледі: саңылау, күн батарейлері, жел диірмені мен жылу тартатын сорғының орнатылу. Мұндай үдің бағасын 40 миллионға бағалап отырмыз. Біз бірақ қаражат сұрамаймыз, аталмыш үйлерді халыққа тиімді екенін көрсету үшін өзіміз салуға дайынбыз", – деді Жарылқасын Қамбаров.

Белгілі болғандай, әзірлеушілер Екібастұзда үй салу үшін жер сұраған, алайда бұл сұрақ әлі өз шешімін таппаған.  

"Өте қызықты жоба екен. Бұл үйлерді Баянауылға да салуға болады. Тұрғындар мен туристер оны жоғары бағалайтынына сенімдімін. Ол жақта жер мәселесін жуық арада шешіп беремін", – деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу