Екібастұздық ГРЭС-2 былтыр 2 мың түп көшет отырғызған

866

Екібастұздық ГРЭС-2 былтыр 2 мың түп көшет отырғызған

"Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы" АҚ кәсіпорынның қоныстанған аймаққа зиянды әсерін төмендету мақсатында 9 036 000 теңгеге 2000 түп көшет отырғызған, Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында  кәсіпорынның басқарма төрағасы Николай  Тушинский айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Солнечный кентінде санитарлық қорғау аумағы мен өндірістік алаңдарда  көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, - дейді Николай  Тушинский. – Қурап қалған көшеттерді қалыпқа келтіру және күту жүзеге асырылады. Мұндай шаралар жыл сайын жалғасын табады. Кәсіпорын аумағында барлығы 17 000 түп көшет егілген".

Спикер биылғы жылы да станциядан бастап, Солнечный кентіне дейінгі  санитарлық қорғау аумағында алма және шие ағаштары, қарағаш отырғызылатынын атап өтті.

Жасыл желекті күтіп, баптау жұмыстарымен әкімшілік шаруашылық бөлімінен 15 адам айналысады. Сонымен қатар келісімшарт негізінде жергілікті тұрғындар тартылады.

Көріктендіру және санитарлық  тазалау мақсатында станция қызметкерлері тұрақты түрде сенбілікке шығады. Көмір күлінің қалдықтарын төмендету үшін 32 гектар аумақта тау-кен техникалық әдісімен топырақтың құнарлығы қалпына келтіріледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу