Екібастұздық инвестор аквапарктің құрылысына 400 миллион теңге бөлмек

1186

Екібастұздық инвестор аквапарктің құрылысына 400 миллион теңге бөлмек

Екібастұз қаласының бас жоспарына мұз сарайы мен қосымша жеңіл атлетикалық манеж, аквапарктің жобасы енгізілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі "Ertis" телеарнасымен бірлесе  өткізген тікелей эфирде шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Біздің өңірде қыс алты айдан астам жатады, климат та өте суық, - дейді Нұржан Әшімбетов. - Адамдар жабық құрылыс нысандары көбірек болғанын қалайды. Қазіргі таңда  тұрғындар баратын жер болмаған соң көбінесе сауда үйлерін аралайды. Екібастұзда жеке меншік мұз айдыны бар. Иесі – "Промсервис-Отан" ЖШС.  Қаланың шетінде орналасқандықтан кішкене ыңғайсыздық тудырады және қала тұрғындарының сұранысын толық өтей алмайды.  Сондықтан қаланың бас жоспарына үш нысан енгізілді. Бұл жобалар бойынша инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде.  Яғни, инвесторлардың есебінен  және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылады".

Әкімнің айтуынша, аквапарктің құрылысын жүргізуге жергілікті кәсіпкер 400 млн теңге бөлуге  ниет білдірген. Қазіргі таңда жер учаскесі аукционға  шығарылған.

"Мұз  аренасы бойынша Павлодар қаласындағы  ипподромның қасындағы  спорттық  аумақтағы  жоба ұсынылды, - дейді Нұржан Әшімбетов. – Дегенмен, бұл жоба бізге  келмейді. Себебі, 200 орын аздық етеді. Бәлкім, Павлодар үшін қолайлы шығар, бірақ Екібастұзда "Шахтер" орталық  саябағында орын бөлінген. Сондықтан кем дегенде  1000 орын болғаны дұрыс".

Кеншілер қаласында үлгі ретінде Петропавл қаласында іске қосылған 1000  орындық жоба қарастырылуда.  Бұл ретте, жеңілатлетикалық манежді бірге  салу жоспарда бар. Жобаның құны шамамен  3 млрд теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу