Екібастұздық кәсіпкер шұбат бизнесін дамытпақ

1742

Екібастұздық кәсіпкер шұбат бизнесін дамытпақ

Екібастұз қаласындағы "ЭМПК" түйе шаруашылығының қожайыны Андрей Вечняков болашақта қазақтың ұлттық сусыны – шұбат өндірісін дамытуды көздейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жеке кәсіпкер Андрей Вечняковтың сөзінше, қазіргі таңда қорасында 47 түйе бар. Осыдан үш жыл бұрын еліміздің оңтүстік өңірінен айдап алып келген ойсылқара тұқымының санын алдағы уақытта 100-ге жеткізуді көздеп отыр.

"Біз түйе және жылқы түліктерімен айналысып, шұбат және қымыз сусындарын дайындағанымызға үш жылдай болды. Мұны басында бизнеске айналдырып, өнімін нарыққа шығарамыз деген ой болған жоқ. Бұл кәсіпті дамыту үшін мемлекет тарапынан да ешқандай жәрдем алмадық. Отбасымыздың қажеттілігі үшін ғана айналысып отырмыз. Көбінесе шұбатты тек жазғы мезгілінде дйындаймыз", – дейді Андрей Вечняков.

"ЭМПК" шаруашылығы қазіргі күні "Әулиекөл" асыл тұқымды қара малын өсіріп, ет өндірісін қолға алған. Ағымдағы жылдың аяғына дейін ет өнімін өңдейтін технологияның үшінші бөлігін салмақшы. Былтыр 540 гектар суармалы алқапты игеріп, өсімдік шаруашылығын дамытуға ден қойған. Осы мақсатта "Қазагроқаржы" серіктестігі арқылы "Reinke" маркалы егін суару техникасын сатып алыпты. 

Айта кетерлігі, нәрлi және дәмдi сусын саналатын шұбат А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi болып табылады. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн толтыра алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу