Екібастұздық мектептер тағы да қашықтан оқуға көшірілді

Мұндағы кей мектептерде температуралық режим талапқа сай емес. 

Екібастұздық мектептер тағы да қашықтан оқуға көшірілді Фото: google.com

Екібастұздағы жылу мәселесі әлі толығымен шешілер емес. Сондықтан білім беру мекемелері қайтадан қашықтан оқытуға көшуге мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жылу желілеріндегі апаттың кезінде де балабақшалар мен мектептер онлайн форматқа көшкен еді.

Соңғы күндері кеншілер шаһарындағы жағдай тағы да қиындай түсті. Кеше жылу-электр станциядағы үш қазандық қана жұмыс істеп, температуралық параметр төмендеп кетті. Сондықтан мектептерді қашықтан оқытуға тура келді. 

"Бүгін мектептер қашықтық форматына ауыстырылды. Температуралық режимді нормативті параметрлерге дейін көтеру бойынша жұмыстар жүріп жатыр",-деп хабарлады білім беру бөлімі. 

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылумен қамтуды ретке келтіру бойынша тапсырма берген болатын. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ақауларды тек станция жұмысын тоқтату арқылы ғана жоюға болатынын мәлімдеді. Ол үшін жылу маусымының аяқталуын күту керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу