Екібастұздық станция экологиялық заңнама талаптарын бұзды

625

Сол үшін 33 млн теңге айыппұл арқалады.

Екібастұздық станция экологиялық заңнама талаптарын бұзды

Павлодар облыстық экология департаменті 27 сәуір мен 20 мамыр аралығында Екібастұз қаласындағы ГРЭС-1 станциясында тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Соның нәтижесінде жылу-электр станциясы 2018-2020 жылдары Ұлттық жоспарда белгіленген квотадан көп парниктік газ шығарғаны анықталды.

"Өтелмеген квота көлемі екі миллион тоннадан астам көмірқышқыл газын құрады. Экологиялық заңнама талабына сәйкес, кәсіпорын заңнамада бекітілген мерзім аралығында жетпейтін көлемді нарықтан сатып алуы тиіс еді", – деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ереженің сақталмауына байланысты ҚР Әкімшілік кодексінің 329-бабына сәйкес хаттама толтырылып, кәсіпорынға 33 млн 301 мың 625 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу