Екібастұздық тұрғын екі баланы өрттен алып шықты

568

Ер адам 4 қабаттағы түтін шығып жатқан пәтердің балконына баспалдақпен көтеріліп, балаларды төмен түсірген.    

Екібастұздық тұрғын екі баланы өрттен алып шықты Фото: pavlodarnews.kz

Кәмелетке толмаған балаларды құтқарған 37 жастағы қаһарманның есімі - Азамат Смағұлов, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сәтбаев көшесімен келе жатып, түтін шығып жатқанын байқадым, балконда тұрған балаларды көзім шалды. Төрт баланың әкесі болғаннан кейін, ойланбастан төбеге көтерілдім", - дейді ер адам.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 23 қазан күні сағат 12;15-те Сәтбаев көшесі, 37-үйден шыққан. Уақытылы құтқарылған балаларға  ешқандай зақым келмеген. Алайда үйдің үлкендерін күйік шалғаны анықталды.

"9 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған. Өрт салдарынан 1988 және 1989 жылы туған ер адамдар мен 32 жастағы әйел күйік шалып, ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу