Екібастұздық тұрғыннан бес мың доза есірткі тәркіленді

514

Бір келі есірткіден осынша доза шығады. 

Екібастұздық тұрғыннан бес мың доза есірткі  тәркіленді

Павлодар облыстық полиция департаменті пәтеріне бір келіден астам есірткіні жасырған 32 жасар тұрғынды құрықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Күдіктінің пәтерін тексеру барысында 1 келі 90 грамм тыйым салынған зат табылды. Сараптама нәтижесінде белгілі болғандай, ол - a-PVP синтетикалық заты.

"Жедел тергеу-тексеру шаралары барысында ер адам өңірлік курьер қызметін атқарып, ірі партия боп келетін есірткіні дозаларға бөліп, кейін оны қаладағы жасырын орындар арқылы сатқаны белгілі болды. Тәркіленген бір келі зат – бес мыңнан астам доза", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Екібастұздықпен қатар, спорт жаттықтырушылары да есірткі сатылымымен айналысқаны белгілі болды. Облыс орталығындағы фитнес-клубтардың бірінде жұмыс істейтін екі ер адам синтетикалық затты Екібастұз қаласына жеткізіп отырған. 29 және 19 жасар жігіттер фитнес-орталыққа келушілерді жаттықтырып қана қоймай, интернет-дүкендегі есірткі курьері қызметін атқарған. Олардан 99 грамм синтетикалық қоспа табылды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу