Екібастұздықтар қайта өңдеу зауытының ашылуына қарсы

1134

Қала тұрғындары зауытта қауіптіліктің бірінші және екінші санаты бар қалдықтардың 56 түрі бар екенін айтады.

Екібастұздықтар қайта өңдеу зауытының ашылуына қарсы

Павлодар облысында "EcoWest Qazaqstan" ЖШС 15,6 мың тонна өндіріс және тұтыну қалдықтарын қабылдап, өңдейтін кәсіпорнын ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Павлодар-онлайн Екібастұз әкімдігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"EcoWest Qazaqstan" ЖШС өз кәсіпорнын қала ішінде орналастыру жоспарлап отыр. Алайда қала тұрғындары зауытта қауіптіліктің бірінші және екінші санаты бар қалдықтардың 56 түрі бар екенін атап өтті. Ал қала әкімдігінің баспасөз қызметі аталған компания Павлодар облысы тұтынатын өндіріс қалдықтарын қабылдап, өңдейтінін айтады. Мәселен медициналық қалдықтар, арнайы техника мен автокөліктер, электрондық және электр жабдықтары сынды әр түрлі қалдықтарды өңдейді.
Алайда зауыт салынатын жер Екібастұз қаласының іргесінде орналасқандығы халықты алаңдатып отыр. Бірақ "EcoWest Qazaqstan" ЖШС өкілдері қолданылатын өңдеу технологиялары өндіріс және тұтыну қалдықтарының қауіпті қасиеттері мен көлемін қоршаған ортаға барынша аз әсер ететін айтады.

Әйтсе де бизнесмендердің дәлелдері қала тұрғындарын иландырған жоқ. "Nur Otan" партиясының мүшелері, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйымдардың мүшелері бірауыздан кәсіпорынның жұмысына қарсы шықты. Қарапайым халық қала ішінде қоқыс полигонын орналастыру тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу