Екібастұздықтардың электр энергиясына кеткен шығыны қалай өтеледі

535

Жылу бойынша қатып қалған 70 шақты үй жылуға ақша төлеуден екі айға босатылады.  

Екібастұздықтардың электр энергиясына кеткен шығыны қалай өтеледі Фото: Константин Шелков

Екібастұз тұрғындарына электр энергиясы шығындарын өтеу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта өткізген баспасөз конференциясында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұдан бұрын айтылғандай, жылу бойынша қатып қалған 70 шақты үй жылуға ақша төлеуден екі айға босатылады.  Қала бойынша қалған тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясы үшін төлемақы сомасы қайта есептеледі. Есептегіш құралдары болған жағдайда жеңілдірек, себебі барлығы тіркелген. Ал есептегіштер болмаса, қайта есептеледі, электрэнергиясын алмаған күндері үшін ақы төленбейді", - деді Аян Бейсекин.

Сондай-ақ ол "Екібастұзжылуэнерго"  ЖШС акционерлерімен төтенше жағдай кезіндегі шығындарды өтеу бойынша келісімге қолжеткізілгенін еске салды.

"Бұл жұмыстар жылу  және қалалық электр желісімен бірге жүргізіледі. "Горэлектросеть" ЖШС-не қаражат аударылады.  Осылайша абоненттердің есепшоттарына жіберу арқылы шығындар өтеледі. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу