Екібастұздықтарға таратылған электр жылытқыштары тұрғындарда қалады

492

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Екібастұздағы апат шығыны қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Екібастұздықтарға таратылған электр жылытқыштары тұрғындарда қалады Фото: AMANAT партиясы

"Екібастұздағы апаттан біраз адам зардап шекті. Мыңнан астам арыз-шағым түсті, адамдар қандай қиындыққа тап болғанын жазып жатыр. Барлық шығынды компания қайта төлейді, ешкімнің қалтасынан шығын шықпайды", - деді Серік Жұманғарин Екібастұзда өткен баспасөз конференциясында.

Спикерге көпшілікке қаладағы электр жылытқыштары қымбаттап кеткенін жеткізді.

"Маған берілген ақпаратқа сәйкес, 5 мың электр жылытқыш қала тұрғындарына тегін таратылған. Оны беріп жатқан – компания иелері, Amanat партиясы және волонтерлер. Оларды кері қайтарудың қажеті жоқ, тұрғындардың өз меншігінде қалады. Әрине, сұраныс көбейгенде баға да өседі. Дегенмен, 5 мыңнан астам жылытқыш қалаға жеткілікті, сатып алуға қажеттілік жоқ. Тегін беріп жатырмыз", - деді Премьер-Министр орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу