Қостанайда спорттық акробатика бойынша өткен "Ямпольск кубогына" қатысқан Екібастұз спортшылары жүлдемен оралды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Екібастұз қалалық дене шыныктыру және спорт бөлімінің бас маманы Әдемі Кенжеханның айтуынша, халықаралық додаға сегіз спортшы қатысып, барлығы жеңіс тұғырынан көрінді.
"Әйелдер арасында 15 және одан кіші жас категориясы бойынша бақ сынаған Елизавета Кохнович пен Дияра Темірболат қола медальді еншілесе, 11-16 жас аралығында өнер көрсеткен Жания Рымтаева мен Ксения Хивук күміс медальге қол жеткізді. Сондай-ақ, Евгений Коротенко, Ілияс Мұхтасаров, Максим Велижанин, Назар Воротеляк сынды спортшылардан құралған команда халықаралық турнирдің чемпионы атанды", – дейді Әдемі Кенжехан.
Айта кетейік, бұл спортшылардың барлығы қала мектептерінде оқиды. Ал, спорттық акробатика бойынша "Жасыбай" спорт кешенінде жаттығады.