"Экибастузтеплоэнергоға" 9,3 млн теңге айыппұл салынды

923

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 11 қараша мен 24 қараша аралығында "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізген, деп жазады inbusiness.kz.

"Экибастузтеплоэнергоға" 9,3 млн теңге айыппұл салынды

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша, тексеру жүргізуге Павлодар облыстық мәслихатының депутаты П.И. Ярошенконың "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС-ның әрекетіне қатысты өтініші құқықтық негізі болған.

Тексеру аясында төмендегідей бұзушылықтар анықталған:

- Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайларда шешімдердің көшірмелері мен дәлелді негіздемелерді уәкілетті органға ұсынбау бөлігінде, Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 4-тармақшасын бұзу;

- табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзу;

- табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия субъектісі желілерінің резерві, бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының бар-жоғы, өткізу қабілеті туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыру міндетін сақтамаудан көрінген, Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 21-тармақшасын бұзу.

"Анықталған бұзушылықтар нәтижесінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл 9,3 млн теңгені құрады. Субъекті әкімшілік айыппұлды өндірісті қысқартылған тәртіпте төледі. Бұдан басқа, субъектінің атына бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарылды", –дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу