"Екібастұзжылуэнерго" серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды

595

"Екібастұзжылуэнерго" серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Екібастұзжылуэнерго" серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды Фото: gov.kz

Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті "Екібастұзжылуэнерго" серіктестігінің табиғи монополиялар саласындағы заңдылықты сақтауын тексерді. Соның нәтижесінде ЖШС-нің 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында қала тұрғындарына жылу энергиясын сапасыз жеткізу түрінде бекітілген температуралық кестенің параметрлерін жүйелі түрде сақтамауын ескере отырып, 27 600 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіппен 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% мөлшерінде 13 800 000 теңге айыппұл төледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу