Екібастұзда биіктігі жеті метр домбыра орнатылады

538

Екібастұзда биіктігі жеті метр домбыра орнатылады

Ұлттық Домбыра күніне орай Екібастұз қаласында биіктігі жеті метрді құрайтын домбыра орнатылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұлттық аспапты балалар техникалық мектебінің педагогтары мен студенттердің еңбек жасақтары дайындаған. Бұл күні Глинка атындағы  музыка мектебінің  60 домбырашыдан құрылған  ансамблі бір мезгілде күй орындайды. "Шахтер" мәдениет және демалыс саябағында  ағаштан және қағаздан домбыра дайындау бойынша  шеберлік  сыныптары өткізіледі.

 Кешке қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін театрландырылған қойылымдарда домбыраның пайда болуы мен оның даму  тарихы туралы айтылады.

Бос уақытты қамту орталықтары мен музыка мектебінің вокалдық  ұжымдары домбырада 20-дан  астам  танымал шығарма ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу