Екібастұзда былтыр қазан айында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Екібастұз қаласындағы "Союз" саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдың су каналында 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының, зорлықсыз, өлімнің сыртқы белгілерінсіз мәйіті табылды",- делінген хабарламады.
Оқиға орнынан жоғалған адамның атына смарт-сағат пен Kaspi Gold магниттік карточкасы тәркіленді.
Мәйітті әкесі таныды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.