Екінші АЭС құрылысы бойынша референдум өткізіп қажет емес – Алмасадам Сәтқалиев

218

Қазір екінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Екінші АЭС құрылысы бойынша референдум өткізіп қажет емес – Алмасадам Сәтқалиев Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство басшысынан Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте екінші АЭС салу үшін референдум өткізудің қажеті бар ма деп сұрады.

"Референдум өткізудің қажеті жоқ. Заңнамаға сәйкес, бұл станция Үкіметтің шешімі негізінде салынатын болады", - деп қысқа қайырды Энергетика министрі.

Айта кету керек, Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында екінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу