"Екінші әйел аламын": Төреғали Төреәлі ішіндегісін ақтарды

8189

Әнші өзіне қатысты ел білмейтін бірқатар жайтты айтты.

"Екінші әйел аламын": Төреғали Төреәлі ішіндегісін ақтарды Фото: Instagram.com

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі екінші әйел алуға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алла қаласа, екінші әйел аламын. Мен тіпті төртеу алсам ба деп отырмын. Негізі екінші әйел алу деген біздің қоғамдағы ауқымды тақырыптардың бірі ғой. Бұл Алланың қалауындағы нәрсе. Менің тағдырыма жазылған болса, мың адам қарсы болса да мен оны аламын. Бірақ тағдырыма жазылмаған болса, мен жүз жерден алам десем де, әйелімді көндірсем де ол тағдырға жазылмаған нәрсе. Тағдыр деген Алланың қалауы ғой.  Қаламаса хайыр", — деді әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу