Екінші баладан бастап балабақша тегін болады

1939

Алматыда аз қамтылған отбасыларға осындай жағдай жасалмақ.

Екінші баладан бастап балабақша тегін болады

Алматыда аз қамтылған отбасылар үшін балабақша екінші баладан бастап тегін болады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

Мұндай отбасылардың балалары оқу озаты болса, оларға шәкіртақы төленеді. 

"Бақытты отбасы" арнайы әлеуметтік бағдарламасының аясында аз қамтылған отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша тегін болады",– деді қала әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде. 

Оның айтынша, бүгінгі күні Алматыда аз қамтылған отбасылардың 14 мыңнан астам баласы мектепте тегін тамақтанады, 3475 отбасы мектеп формасын, 2333 отбасы қаржылық көмек, 4050-і жазғы лагерьге жолдама алған. 

Сонымен қатар қала басшысы жаңа бағдарлама аясында аз қамтылған отбасының оқу озаты болған баласына шәкіртақы төленетін болады деп отыр.       

"Бұл білім алуға деген ұмтылысты ынталандырады. Университет пен колледж студенттеріне 10 мың теңгеден, ал оқушыларға 5 мың теңгеден беріледі", – деп атап кетті әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу