Екінші деңгейдегі банктерден алынған несиелер есептен шығарыла ма – ресми жауап

324

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Telegram арнасында бұған қатысты түсініктеме берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екінші деңгейдегі банктерден алынған несиелер есептен шығарыла ма – ресми жауап Фото: canva

Әлеуметтік желіде "екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы" тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 

– Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ құзырлы мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу