Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер спикерден екінші деңгейлі банктерде "Отбасы банк" сияқты тұрғын үй жинағын ашып, оған қаржы жинауға рұқсат беріле ме деп сұрады.
"Бұл мәселе бойынша тиісті өзгерістерді дайындадық. Бұл заңды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әзірлеп жатыр. Оның ішінде қарастыратын болады. Олар бұл норманы енгізді. Қазір бұл мемлекеттік органдар арасында келісімнен өтіп жатыр", - деді агенттік төрайымы Мәжіліс кулуарында.
Мәдина Әбілқасымова тиісті заң Мәжіліске түсетінін айтты.