"Біз жауынгерлердің ұрпақтарын іздейміз! Таратуларыңызды сұраймыз! Олардың жерленген орындары белгілі. Іздеу жұмыстарын "Atamnyn Amanaty" қоғам бірлестігі жүргізеді. Аты-жөндері, ауыл-аймақтардың аттары бұрмаланып жазылуы да мүмкін. Атаңыздың аты-жөні тізімде болса, бізге міндетті түрде хабарласыңыз", - деп жазды ұйым Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Ұйым жариялаған тізімде 218 есім бар.
Атап өтілгендей, фамилияларда, атауларда, жер атауларында бұрмаланулар болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу