Екінші тоқсанда жұмыссыздар саны 160 есе өсті

866

Табысынан қағылғандардың 23%-ы сауда саласында кәсіп қылғандар.  

Екінші тоқсанда жұмыссыздар саны 160 есе өсті

Пандемия салдарынан елімізде екінші тоқсанда уақытша жұмыссыздар саны 160 есеге немесе 368 мың адамға артты, деп хабарлайды Atameken Business.

Қалғандары білім, құрылыс, қызмет көрсету, жолаушы тасымалы мен қоғамдық тамақтану орындарында еңбек еткен. Жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты 340 мыңға жуық адамның жалақысы азайған. Бүгінгі күнге Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Жалпы саны 454 мың адам екі қолға бір күрек таппай жүр. Алайда тек 200 мыңға жуық азамат қана жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу