ЕҚҚДБ баламалы энергия көзін дамытуға 150 миллион еуро бөледі

1008

ЕҚҚДБ баламалы энергия көзін дамытуға 150 миллион еуро бөледі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің энергетика және табиғи ресурстары жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.

Тараптар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық төңірегінде әңгіме өрбітті. Мемлекеттік хатшы Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақ еліндегі 222 жобаны қаржыландырғанын тілге тиек етіп, 1993 жылдан бері 7,3 млрд жұмсағанын айтты. Нандита Паршад ханым өз кезегінде "Астанадағы ЕХРО көрмесі күллі әлемге баламалы қуат көзін дамыту жолын ұсынуы тиіс, банк осы салаға да назар аударады. Біз Қазақ елін инвестиция салуға қолайлы аймақ деп танимыз. Бірнеше жобаны қаржыландыруды көздеп отырмыз", - деді.

 - Шұғылданатын мәселем энергетика саласы болған соң ЭКСПО тақырыбы қатты қызықтырады. Астана көрмесі әлемге не ұсынар екен деп отырмыз қазір. Қазақстанның баламалы қуат көзін өндіру мүмкіндігі жоғары. Жуырда екі бірдей жоба жасадық. Біріншісі Ерейментауда жел энергиясын өндіру, екіншісі Бурныйдағы күн энергиясына қатысты. Екеуі де 50 мегаВаттан кем болмайды. Сосын Бурныйда тағы бір жоба жүзеге асуы тиіс. Инвестиция көлемі 150 млн еуроны құрайды,- деді ЕҚҚДБ энергетика және табиғи ресурстары жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу