"Эко-Даму" бағдарламасының екінші кезеңі басталды

1716

Несие беруге негізделген жоба ауыл тұрғындарына арналған. 

"Эко-Даму" бағдарламасының екінші кезеңі басталды

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ҚР ЭГТРМ) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен (Қор) бірлесіп, 2020-2024 жылдарға арналған "Эко-Даму" несиелеу бағдарламасының екінші кезеңін іске қосты.

"Бағдарлама экожүйелердің сақталуына ықпал ететін кәсіп бастау немесе одан әрі дамыту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жақын тұратын Қазақстанның ауыл тұрғындарын қолдауға бағытталған. Кәсіпкерліктің бұл түріне экотуризм, орман шаруашылығы, балық аулау, аңшылық және жайылымдық шаруашылық, құс шаруашылығы, қоян өсіру және ара шаруашылығы жатады", – деп хабарлады министрлік. 

Жобалар бойынша ауыл кәсіпкерлері 4,5 жылға дейін жылдық 6% мөлшерлеме бойынша несие ала алады. "Эко-Даму" бағдарламасының екінші кезеңі Қазақстанның 12 облысын, 770 ауылдық елдімекенін және 28 ерекше қорғалатын табиғи аумағын қамтымақ. Бағдарламаның жалпы бюджеті 275,3 млн теңгені құрайды.

"Эко-Даму" бағдарламасы ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын, омарта шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, туристік бизнесті дамытуға несие беру арқылы бағдарламаның іске асырылуының бірінші кезеңінде өз тиімділігін дәлелдеді. Бұл бастама еліміздің биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтай отырып, жергілікті дамуды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға тамаша мүмкіндік береді деп сенеміз", - деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Бағдарламаның негізгі басымдықтарының қатарында - гендерлік теңдікке қолдау көрсету және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Осылайша, бағдарламаның бірінші кезеңінде ауылдарда тұратын 30 әйел өз кәсібін дамыту үшін қаржы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу