Алматыда "Эко кеңсе" атты акция басталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықов Экофорум барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладағы 80 мекеменің кеңсесіне пластик, қағаз және шыны тастайтын қоқыс жәшіктері орнатылады. Ал жиналған қалдық өңдеушілерге жіберіледі.
Маманның сөзінше, жәшікті орнату және тасымалдау шығынын делдал компаниялар өз мойнына алады. Өйткені, олар қалдықты шикізат ретінде өңдеуші мекемелерге сата алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу