ЭКҰ тәсілі арқылы 22 мың бала дүниеге келген

1123

Қазақстанда 9 467 бедеу әйел тіркелген.

ЭКҰ тәсілі арқылы 22 мың бала дүниеге келген

Еліміздегі экстракорпоральді ұрықтандырумен айналысатын 26 орталықтың 21-і жеке меншіктің иелігінде. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің айтуынша, осы тәсіл қолданысқа енгелі 22 мың бала дүниеге келгенін айтады.

"Президент Үкіметке келесі жылдан бастап "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске қосып, ЭКҰ квотасының санын 7 есе көбейтіп, 7 мыңға тапсырды. Экстрокопоральді ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бері кепілді тегін медицналық көмек тізіміне енгізілген. Қазір 26 ЭКҰ-орталық бар. Оның 21-і жекеменшік. Осы методика бойынша 22 мыңнан астам бала дүниеге келген.

"Электронды денсаулық сақтау" ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, елімізде бедеулікпен 9 467 әйел тіркеуде тұр", – деді ол онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу