ЭКО жасағысы келіп жүрген жандардың үміті үзілді

1228

"Отбасы банк" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова емделу үшін ұсынылатын  біржолғы зейнетақы төлемі ЭКО жасатуға берілмейтінін айтты.  

ЭКО жасағысы келіп жүрген жандардың үміті үзілді

Бастапқыда тізімде болған кейбір ауру түрлері соңғы сәтте алынып тасталған екен, деп хабарлады  inbusiness.kz тілшісі.

"Біз бүкіл тетікті пысықтап жатырмыз", – деді Ләззат Ибрагимова.

Ал денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева ЭКО жасату процедурасы не себепті тізімнен алынып тасталғанын түсіндірді.

"Биыл елімізде "Аңсаған сәби" атты арнаулы бағдарлама іске қосылды. Осыған орай жыл сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 1 мың квтота бөлу жоспарланды. Был квота саны 7 есеге артып, 7 мыңға жетті. Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бұл қызмет мұқтаж отбасыларға ғана көрсетіледі. Алдағы уақытта қараймыз. Егер шынымен мұндай қажеттілік болса, мәселені қайта қараймыз", – деді Гүлнар Сәрсенбаева.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу