Экоакция аясында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды

1370

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Үкімет бастаған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қалада өткізу бастамасын қолдады.

Экоакция аясында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды

Республикалық экоакцияны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев да қолдады.  

"Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасы бойынша бүкіл елде ашылған экочеллендж қозғалысын қолдаймын. Елімізді тазалық аумағына айналдырамыз. Бірге-Таза Қазақстан! Волонтерлер жарайсыңдар!",– деп жазды Қ. Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Әкімдіктің экологиялық акциясына 5 мыңнан астам адам қатысты, олардың ішінде жастар, еріктілер және қоғам қайраткерлері бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Іс-шараға Үкімет мүшелері де қосылды. Акция 4 жерде–Майбалық көлінің жағасында, Қарасу, Есіл өзендерінде және Вячеслав су қоймасы аумағында өтті. Жалпы акция барысында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды.

"Бүгінгі демалыс күні екеніне қарамастан, көптеген ниет білдірушілер экоакцияны өткізуге қолдау көрсетіп, аумақты қоқыстан тазартуға көмектесті. Бастамаға бей-жай қарамағандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет. Бізге табиғатты қорғау керек. Біз таза ауада демалғанды ұнатамыз, сондықтанм қоршаған ортаны әрқашан таза ұстауға міндеттіміз. Тазалықты өзімізден бастауымыз керек", – деді А. Көлгінов.

Әкімдік осындай экологиялық шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу