Экология департаменті "Арселормиттал" компаниясын сотқа берді

766

Қарағанды облысындағы Экология департаменті "Арселормиттал" компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Atameken Business.     

Экология департаменті "Арселормиттал" компаниясын сотқа берді

Бұған кәсіпорынның экологиялық талаптарды бұзғаны себеп болған. Оған қоса, компания бұзушылықтарды мойындамай, тіпті тексеріс үшін қажетті барлық материалдарды беруден бас тартқан.

Ведомстваның мәліметінше, 27-ші қазан мен 11-ші қараша арасында Металургиялық кәсіпорынның цехында тексеріс жүргізілген.

Нәтижесінде жиналған түтін газдарының барлығы атмосфералық ауаға өтіп жүргені анықталған. Сондай-ақ "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы осыған дейін жасалған ескертулер мен нұсқамаларды да орындамағаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу