Экология департаменті Өскемендегі қоқыс полигоны жұмысынан бірнеше кінәрат тапты

1137

Экология департаменті облыс орталығындағы қоқыс полигонының операторы "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС-ға тексеру жүргізіп, экологиялық заңнамаға томпақ келетін бірнеше фактіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алтайньюс сайтына сілтеп.

Экология департаменті Өскемендегі қоқыс полигоны жұмысынан бірнеше кінәрат тапты

"Бұл нысанда қалдықтарды сұрыптау деген жоқ. Соның салдарынан қауіпті қалдықтар басқа қалдықтармен үнемі араласып кетеді. Сұрыптаудың жоқтығынан, биологиялық тұрғыда ыдырайтын заттардың көмілмеуінен полигонда метан пайда болады. Сондай-ақ қауіпті қалдықтар залалсыздандырылмайды. Кесірінен үнемі өрт шығады. Оған қоса қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жою бойынша жоба әзірленбеген. Бұл жобаны кәсіпорын өткен жазда жасауға тиіс еді", – деді түсіндірді облыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Сергей Усенко.

Маманның айтуынша, өткен жылы қоқыс полигонында 23 өрт болған. Кәсіпорынға осы олқылық үшін жалпы сомасы бір жарым миллион теңгеден асатын 30 әкімшілік айыппұл салынған. Ал осы жолы анықталған заңбұзушылықтар үшін "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС 950 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу