Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

884

Мағзұм Мырзағалиев кетіп, Серікқали Брекешев келді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Президенттің Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

"С.А. Брекешевті тағайындау туралы

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                           Қ.Тоқаев               

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 10 қыркүйек

№ 657"

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қ. туған

Білімі:
— 1990-1995 жж. Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" факультеті.

Жұмыс тәжірибесі:
1995-1997 жж. "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК, бас директордың орынбасары, экономист;
1997 ж. Ақтау қ. Салық бөлімі, инспектор;
1997-1998 жж. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер;
1998-2006 жж. "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері;
2007-2008 жж. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің Мұнай өндіруге мониторинг жасау басқармасы, басқарма бастығы;
2009-2010 жж. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті, директордың орынбасары;
2010-2014 жж. Мұнай және газ министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті, директор;
2014-2015 жж. "BNG Ltd" ЖШС, бас директордың орынбасары;
2015ж. "ҚазТрансГаз" АҚ, техникалық саясат департаментінің директоры;
2015 ж. "ҚазТрансГаз" АҚ, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор;
2015-2016 жж. "ҚазТрансГаз" АҚ, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор;
2016-2018 жж. "ҚазТрансГаз" АҚ, өндірістік-техникалық департаментінің директоры;
2018 ж. "ҚазТрансГаз" АҚ, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.  2020 жылдың 5 наурызынан Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Мемлекеттік наградалары, көтермелеу (грамоталары және т.б.):
— Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы;
— ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хаты;
— ҚР Президентінің Құрмет грамотасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу