"Арселор Митталға" келесі жылға әлі экологиялық рұқсат берілген жоқ. Егер олар біздің талаптарға келіспейтін болса, келесі жылға экологиялық рұқсатты ала алмайды. Компанияың өзі экология мәселесіне үлкен ақша бөліп келеді. Біз өз кезегімізде оларға келесі жылға экологиялық рұқсат алу үшін белгілі бір шарттар қойып отырмыз. Біз қойып отырған талаптарды орындамаса, олар ол рұқсатты алмайды. Ол талаптардың ішіндегі ең негізгісі –қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтардың мөлшерін азайту", – деді министр.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовтың айтуынша, кейінгі 3 жылда аталған компанияға экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.
"Бұл компанияны соңғы рет биыл тексердік. Біз қазір 1 млрд теңгенің үстінде айыппұл дайындап жатырмыз. Қалдықпен, шығарындылармен байланысты көптеген кемшілік таптық. Негізі, бұл – үлкен проблемалар. Жалпы кейінгі 3 жылдың ішінде 3 млрд теңге көлемінде айыппұл салдық. Оның бәрін төледі. Қазір бірнеше шараны орындамай жатыр", – деді комитет басшысы Зулфухар Жолдасов.