Экология министрі Астананың ауасы түтіннен қашан тазаратынын айтты

183

Ірі қалаларда экологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. 

Экология министрі Астананың ауасы түтіннен қашан тазаратынын айтты Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Астанада жеке үйлерге газ тарту жұмыстары аяқталған соң, қаланың экологиялық жағдайы жақсара түсетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерде "Жылыту маусымы басталды. Салдарынан көк түтін байқап отырмыз. Министрлік елорда тұрғындарының таза ауамен демалуы үшін нақты шараларды қашан қабылдайтын болады?" деп сұрады.

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, барлық елдімекенде, яғни ірі қалаларда экологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. 

"Осыған дейін бірнеше мәрте Астана мен оған жақын орналасқан елдімекендердегі жеке үйлерге газ тарту жұмыстары жүріп жатқанын айтқан болатынбыз. Бұл жұмыс аяқталған соң жағдайдың өзгергенін көретін боламыз. Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері жұмысты белсенді жүргізуде. Мысалы, Ақмола облысындағы ірі елдімекендердің бірі – Александровка ауылындағы жеке үйлерге газ тартылып жатыр. Қандай көлем екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ жаздан бері газдандыру жұмысы жалғасып жатыр", – деп жауап берді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу