Экология министрі электрмен жүретін көлікке отыруға дайын ба?

765

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев газ немесе электрмен жүретін көлікке неге отырмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Экология министрі электрмен жүретін көлікке отыруға дайын ба?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист министрге "Сіздің министр болғаныңызға 3 ай болды. Алайда "жасыл" бастамаларды қазақстандықтар әлі көрген жоқ. Сіз газбен жүретін көлікке неге отырмай жүрсіз?" деп сұрақ қойды.

Серікқали Брекешев тек мемлекет берген көлікке отыратынын жеткізді.

"Министрліктің меншігінде ондай көлік жоқ. Біз жалға алынатын көлікті пайдаланамыз. Сондықтан оларда (ҚР Президенті іс басқармасы автошаруашылығы мекемесі – автор) тиісті көлік болса, біз газ немесе электрмен жүретін көлікке отыруға дайынбыз. Әзірше, меншігімізде ондай көліктер жоқ", – деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу