Экология министрі қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасын талқылады

165

Жоба аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталды.  

Экология министрі қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасын талқылады Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

19 тамызда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі "Junxin Environmental Protection (Almaty)" компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның өзге де әлеуетті қалаларында осындай жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазіргі таңда жоба бойынша барлық қажетті шарттарға қол қойылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталды.

Жоба 2025 жылы жасалған Инвестициялар туралы келісім аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның негізгі мақсаты – қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамыту және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі инвестормен бірлесіп жобаны сүйемелдеу және оны белгіленген мерзімде іске асыру жұмыстарын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу