Экология министрі киіктің етінен консервіні Леонардо Ди Каприоға жібере ме?

442

Министрлік ауыл шаруашылығына келер зардапты азайту мақсатында киіктердің санын реттеумен айналысуға мәжбүрміз деп отыр. 

Экология министрі киіктің етінен консервіні Леонардо Ди Каприоға жібере ме? Фото: Inbusiness.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің етінен жасалған консервіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілердің бірі "Танымал актер Леонардо Ди Каприо киіктерді сақтау бағытындағы жетістіктерімізді мақтаған болатын. Бүгінгі таңда басқа жағдай қалыптасып отыр. Киіктің етінен консервіні Леонардо Ди Каприоға жіберу жоспарыңызда бар ма?" деп сұрады.

"Бүгінгі таңда танымал Голливуд актері ғана емес, көптеген халықаралық ұйым да бізге жойылып бара жатқан түрдің (ред. – киік) санын ұлғайта алғанымызға қатысты алғысқа толы хаттар жіберіп жатыр. Бұл үлкен жұмыс атқарылғанын байқатып отыр. Бұдан басқа халықаралық ұйымдар оның басқа да қырын көріп отыр. Бұл зардап әкеліп жатқанын, оны реттеу керек екенін көрсетеді. Мұндай тәжірибе әлемде бар. Мәселен, Жаңа Зеландияда жыртқыштардың, Германияда жабайы шошқалардың саны жыл сайын реттеліп отырады. Әрине адамзаттың өзі оған кінәлі. Біз өзін-өзі реттеу жүйесін бұздық. Бүгінде біз ауыл шаруашылығына және экожүйеге келер зардапты азайту мақсатында киіктердің санын реттеумен айналысуға мәжбүрміз. Екіншіден, консервіге келер болсақ. Осыдан кейін міндетті түрде ол сатылатын болса, оны аламын. Шынын айтсақ, бұл туралы ойламаппын", - деді ведомство басшысы.

Ерлан Нысанбаев киіктің етінен жасалған консервіні жеп көрмегенін баса айтты.

Бұдан басқа министр атылған киіктердің өртенуіне қатысты жайтқа да түсінік берді.

"Мен ондай фото-, бейнематериал көрген жоқпын. Күнделікті баспасөз қызметі беріп отырады. Кеше пойыз астына түсіп, суға батып өлген біраз киіктің суреттері шығып жатыр. Жолдың бойын, суды тазалап жатырмыз. Бірақ өртенген киіктер туралы суретті көрмедім", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу