Экология министрі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

542

Қоғамдық кеңес мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу жұмысын күшейту туралы ұсыныстарын айтты.  

Экология министрі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелерімен ірі өнеркәсіптік қалалардағы зиянды заттардың шығарындыларын азайту, заңсыз үйінділерді жою, биоәртүрлілікті сақтап қалпына келтіру және т.б. мәселелерін талқылау мақсатында сындарлы диалог өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қоғамдық кеңестің қызметі саланың маңызды мәселелерін шешуде қоғамдық пікірді ескеруге мүмкіндік береді және біз сіздердің белсенді ұстанымдарыңызға және министрлік жетекшілік ететін салаларды дамытудағы көмектеріңізге сенім артамыз", - деді ведомство басшысы.

Зоология саласындағы кадр тапшылығын шешудегі түйткілді мәселелерді орман, балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі комиссия төрағасы Н.Оңғарбаев атап өтті.

Министр қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстарын қолдап, салалық департаменттер мен комитеттердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Соңында З.Сүлейменова жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, бүгінгі көтерілген барлық түйткілді мәселелер мемлекеттік органның алдағы жұмысында көрініс табатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу